«Айлығым әлі 270 мың теңге. Жаман шаршап, жылағым келіп кетті» – Нұрлан Қоянбаев

0
Қазақстандық продюсер Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» жобасынан кетіп, кино әлеміне не себепті кеткенін түсіндірді.
«Қарасам жасым 40-қа келген, айлығым әлі 270 мың теңге. Мен айтамын «айлығымды көтересіздер ме? Рейтинг жасап жатырмын. Елдер танып жатыр, суретке түсіп жатыр, мен де бизнес класспен ұшып көрейінші» дедім. «Жоқ, заңдылық сондай. Өзгермейді» деді. Бір күні қарызға жаман кірдім, ақша жоқ бірақ көк тиын болмаса да образды жібермейсің. Әйелім жазады «етті аламыз ба, алмаймыз ба» деп. Үйге келіп жаман шаршадым, жылағым келіп кетті. Содан Нұрай кішкентай қызым келіп, копилкасына ақша жинап жүрген, соны сындырды. «әке, менде етке ақша бар» деген кезде анау жерде өкіріп жыладым. Содан кейін телевидениеден кетіп, киноға келдім. Ол жақтан 12 миллион доллар ақша таптым», – деді Нұрлан Қоянбаев.