Айгүл Шаимова тараздық кәсіпкерлермен кездесті

0

Бүгінгі таңда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің негізгі басымдықтарының бірі бизнесті қорғау болып табылады.

Биылғы жылы еліміз бойынша Агенттіктің бастамасымен инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында «Protecting Business and Investments» жобалық офисі жұмыс істей бастады.

Аталмыш жобаны іске асыру шеңберінде Агенттік кәсіпкерлердің алдында тұрған барлық процестерге белсенді қолдау көрсетеді. Сыбайлас жемқорлық схемаларынан үзілді кесілді бас тартуға дайын кәсіпкерлер өз бизнесін кез-келген қысымнан қорғау мүмкіндігіне ие болмақ.

Тараз

Қазірдің өзінде отандық және шетелдік инвесторлардың жалпы сомасы 6,7 трлн теңгеден асатын 249 жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізілген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелерді жедел шешу мақсатында «Цифрлы агент» мобильді қосымшасы іске қосылды. Қолданба онлайн-сигнал негізінде қызмет көрсетушіге мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төраға орынбасары Айгүл Шаимованың бизнес субъектілермен кездесуі барысында Тараздағы кәсіпкерлердің негізгі мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын барысында агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова кәсіпкерлік субъектілері еліміздің қарыштап дамуы үшін өзара жауапкершілікті түпкілікті мойындау керек екенін атап өтті.
— Мемлекет сіздер үшін қолайлы жағдай жасауға міндетті. Бұл бағытта үлкен шаруалар атқарылды. Сіздер өз кезектеріңізде адал бизнес жүргізу үшін жауапты болуларыңыз тиіс. Бұл сауалға келгенде мемлекет пен бизнес сенімді серіктеске айналуы қажет. Осы себепті баршаңызды аталған жобаға атсалысуға шақырамыз,- деді Айгүл Шаимова.
Агенттік өкілі атқарушы билік органдарымен бірлесіп жұмыс істеу барысында сауалдар туындаса, әрбір кәсіпкер өзіне тікелей өтініш бере алатынын атап өтті. Сондай-ақ, кез келген өтініш жіті бақылауға алынатынын, ал қосымша тексеруді талап етпейтін мәселелер дер кезінде шешімін табатынын айтты .

«Қамшы» сілтейді