Айгүл Орынбек Түркістан облысының жаңа басшыларына қарсы шықты

0

Заңгер Айгүл Орынбек Түркістан әкімінің штаттан тыс қызметіне тағайындалған Нұрлан Қоянбаевтың қызметіне қарсы шықты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

“Жемқорлыққа толып жатқан аймақтың креативін көтеруге емес, жемқорлығын жоятын кеңесші керек!

Пиардан, өтірік есептен, шаршамадыңыздар ма?

Бұл мемлекет өзімізге керек қой!

Жемқорлық жүйелеп кеткен аймақта кретивіне емес, жергілікті басқару жүйесіне көңіл аударып, сыбайласқан жемқорлықты жою керек!

Дархан Сатыбалды мырза!

Түркістан облысының жемқорлығы мен былығын сайқымазақ актері арқылы креативно көтергіңіз келді ме?!

Онда сізге кеңесім болсын, Түркістан тек қаладан тұрмайды , аудандар бар!
Қоянбаевты ауылға жіберіңіз!

Қоянбаевты ауыл аймақтағы бала бақшаларға жіберіңіз, айлық алмай отырған.
Бейсен Тәжібаев бастаған Түркістан облысының басшылары, тәрбиешілердің айлығын айлап
неге төлемей отырғанын креативно түсүндірсін.

Айтпақшы, Түркістан облысы Мәдениетке бөлінген миллиондарды ақтарып отырмын соңғы күндері, креативно жейтін жемқорлар көбейіп кеткеніне қарағанда Антикор ұйықтап қалған ау?!”- деп жазды ол.