АЙГҮЛ ОРЫНБЕК: Руслан Жақсылықов шықсаңызшы, мал емес адам өліп жатыр ғой!
Соғыс болып жатқан Украинада біздің елдегідей көп сарбаз өліп жатқан жоқ! “Аштан, шөлден өлді “,-деген диагнозды естіп, көшеге шығып айқайлағым келіп отыр!
Ызам келіп, өкісігім өкпеме толып тұр! Адам өмірін жоғары қоймайтын сорлы ел екенімізге қаным қайнап жатыр! Бейбітшілік заманда жастарымызды сақтай алмай өзіміз қолдан өлтіріп отырмыз!
“Айгүл эмоцияға берілме, бәрі дұрыс болады”дейтін шығарсыздар… Айтыңдаршы тағы қанша сарбаз өлу керек?! Әлде халықтың ашуын туғызу үшін ай сайын бір сарбазды өлтіріп тұрыңдар деген бұйрық келді ме екен? Не болып кетті?
Министр Руслан Жақсылықов барсыз ба? Шықсаңыздаршы індеріңізден, мал емес адам өліп жатыр ғой! Бір үйдің ұрпағын жалғастырушы, жалғыз тұяғы өліп отыр ғой. “Өлген адам сөйлемейді”,- деп, өлген адамға жаба салмай шындықты шығып айтсаңызшы Жақсылықов!
Қашанғы үндемей отырасыз? Генералсыз ба? Күрессеңізші отан үшін қызмет жасап жатқан сарбаздар үшін! Әскердегі әлім жеттік, өлім жемқорлықтың кесірі екенін көрсетсеңізші елге!
Бүкіл әскерге бөлінетін тендерлерге прокурор, ұқк, президент әкімшілігінде істейтіндердің туысқандары отырып алғанын ашық айтсаңызшы министр мырза!
Сарбаз аштан өлетіндей тамаққа бөлінген миллиардтарды кім жеп отыр?