Айгүл Орынбек: Айсұлтан Назарбаев отбасы дұшпандарының қолында пешкаға айналды

0

Белгілі қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Айсұлтан Назарбаевтың өліміне қатысты жазба жариялады. Ол қара жамылған отбасын, өзгенің қайғысын мазаққа айналдырмауды сұрады.

«Соғыс кезінде өліктерді көмуге мүмкіндік берілген! Адамның қайғысында тыныш қалдыруға болады ғой! Қандай ана өз баласына жамандық тілейді айтыңдаршы? Дариға ханым өз баласына бәрін берді.

Ер азаматтар ешқашан әйел затын түсінбеген, әкесінің арқасында анасынан жырақ жүрген балада өкпе болғаны рас! Анасына сағыныш, кішкентай кезінде қалған өкпе травмасында сыртқа шығарды. Бүкіл әлемге жар салып айтты да! Бәрін кінәләді, кекшілдік деген жақсы емес,бәрін жау көрді. Мына өмірде өзін түсінетін адам таппай, өмірмен қоштасты», – деп жазды.

Заңгер Айсұлтанның отбасына деген реніші, өкпе-ызасын халыққа қызмет ете отыра жеңу керек еді деген ойын айтты. Ал, қайғыдан қан жұтқан отбасын қарады күнде қарғыстамауды сұрайды.

«Ешкім идеал емес, бәріміздің кемшілігіміз бар. Адам жеке өмірін, таңдауын сыйлап үйрену керек, бұл да бір мәдениет! Ия балаға бақ берілді, отбасына деген ашу ызасын халыққа қызмет жасап, мұқтаж жандарға көмек беру арқылы қайтару керек еді.

Әттең олай болмады, отбасы дұшпандарының қолында пешкаға айналды! Ешқандай ана өз баласын жерге оңай қиып бере салмайды. Жынды, тентек болсада тірі жүргенін қалайды. Қаралы күні адамның қайғысын қарғысқа, мазаққа айналдырудың қажеті жоқ! Баланы тыныш қалдырайық, бұл өмірде таппаған жан тыныштығын о дүниеде тапсын! Иманды болсын!», – деп жазды заңгер.

Айта кетейік, Ұлыбритания астанасында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі көз жұмғаны хабарланған. Алдын ала мәліметтер бойынша оның жүрегі тоқтап қалған. Нұрәлі мен Айсұлтанның анасы Дариға Назарбаева осы ауыр сағатта қоғам отбасының орны толмас қайғысына түсіністікпен және құрметпен қарайды деген үмітін білдірді.

Oinet.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз