Айгүл Орынбек: 30 жыл қараңғы халықты алдап келдіңдер, тағы да солай алдай беремін деп отырсыңдар ма?

0

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек мемлекеттік сатып алу порталында жазылған мәлімет пен халық алдында айтылған ақпараттың өзара сәйкес келмейтініне наразылық білдірді.

«Отыз жыл қараңғы халықты алдап келдіңдер, тағы да солай алдай беремін деп отырсыңдар ма? Shyńǵys Muqan, халықтың біразының қаржылық сауаты жоқ шығар сен үшін, бірақ Мемлекеттік сатып алу порталындағы ресми мәліметтерді жоққа шығару мүмкін емес!

Ия қара халық портал деген не екенін түсінбеуі мүмкін, бірақ түсінетін адамдарды алдай алмайсыңдар!

Наурыз айындағы іс -шараларға 565 емес тіптен Мұзарттың 20 жылдығына күні кеше қосымша 30 миллион қосыпсыздар. Барлығы 595 миллион теңге шығын болған.
Сұқбатыңызды көрдім, “келген әншілер мен блогерлер, вайнерлер өз қаражатына алдын ала келіп, Rixos қонақ үйіне жайғасып бүкіл іс шараны алдын ала тегін өткізіп кетті” депсіз.

Бұған кім сенеді? Тағы да қара халық па?

Қаражаттарын құжаттарын алып келген соң береміз деп ақталып өтіпсіз!
Қашан берсеңізде бұл бюджеттің қаражаты болып табылады.

Сосын Шымкент қаласының мәдениет басқармасы қосымша қажеттілікке 3,5 миллиард сұраған, оның ішінде тек іс- шараларға 1,5 миллиард теңге.
Депутаттардың талас-тармасуымен іс шараларға 600 миллиондай ғана қаражат бөлінген.

Наурыз тойлауға 10 күнде 103 іс -шараны 213 миллион теңгеге өткіздік деп ақталып кетіпсіздер!

Қалған миллиондар кімнің қалтасына кетті сонда?

Постымды Президенттің сөзімен аяқтағым келеді.

“ҚАРЖЫНЫ ОҢДЫ-СОЛДЫ ЖҰМСАП, ҰЛАН-ҒАСЫР ТОЙ ЖАСАЙТЫН УАҚЫТ ЕМЕС” деп Мемлекет басшысы 2021 ж. 5 ақпанда Мемлекеттік комиссияның отырысында,
“Қазір заман басқа, адамдардың санасы айтарлықтай өзгерген”, оған қоса, бүгінде барша әлем жұртшылығы күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқанын айтты.

“Тиімсіз іс шаралар өткізудің қажеті жоқ” деп қадап жеткізген Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік жағдайына баса мән беру керектігін, елдің тұрмысы түзелмесе, жетістіктерді мақтан етудің қажеті жоқтығын атап өтті.

Қорытынды:

Бүгінгі сұқбаттарың халықты алдау және мемлекет басшысының тапсырмасын менсінбеу деп білемін!» — деп жазды Айгүл Орынбек.