Айгүл Мүкей: Мен мектепте ешқашан үздік оқымадым — Қазақстан жаңалықтары

0

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей желі қолданушыларының сұрауын жауапсыз қалдырмай балалық шағы жайлы баяндап берді. Журналистің балалық шағы қызықты, әрі мұңсыз өткен. 

Айгүл Мүкей: Мен мектепте ешқашан үздік оқымадым

«Қазір карантиндемін. Балаларыммен сөйлесіп отырғанда өзімнің балалық шағым жиі еске түседі. Жарқын, мұңсыз, бақытты балалық шағым. Сондықтан өзім үшін, сіздер үшін балалық шағым саяхат жасап көрейін. Мен Целиноград қаласында Теміржолшылардың отбасында 6 қаңтарда өмірге келдім. Жаз бойы мен қыдырып баратын ауылда туыс інілерім мен сіңлілерімді қорқытып өстім. «Мен Айгүл емеспін. Мыстанмын. Егер бұл жайлы ата-анама айтса, түнде жеп кетем деп қорқытушы едім», — деп күледі ол.

Айгүл Мүкей мектепке қатарластарынан ерте барғанын, алайда үздік оқымағанын айтты.

«Зейінім жетіп тұрған соң мектепке 6 жасымда бардым. Анам мектеп жетекшілігінен өтініп, мені 6 жасымда мектепке берді. Бірақ мен ешқашан үздік оқушы болған емеспін. Тіл мен әдебиетті жақсы білгеніммен, басқа пәндерден жақсы оқымадым. Бала күнімде шашым өте қалың еді. Биология пәнінің мұғалімі маған «Мукеева, сен андағы қалың шаштың арасынан көрінбей отырсың» деп ұрсатын. Мен сәнқой едім. Анам 15-16 жасымда әдемі киіндіргенді жақсы көпді. Әкем екеуі Алматыға барып, киім әкеп беретін. Сөмке, күрте, джинсы, т.б», — деді тележүргізуші. 

Ең қызығы, тележүргізуші музыкалық мектепте 2 жыл оқыған. Алайда ұстазы тележүргузіші болуға жол сілтеген екен. 

«Отбасында жалғыз өстім. Анам туыстарының балаларын, қыздарын да жақсы көрді. Кейін психолог маған дәл осы махаббаттың маған күш беретінін айтты. Менің өте белсенді болғаным соншалық мектеп оқушысы болсам да, Горона, Пионер сарайында, театрда, Мәдениет үйінде мен туралы білетін. Музыкалық мектепте екі жыл оқыған соң мұғалімім «сен одан да жүргізуші болшы деді, сенен жақсы журналист шығады» деді.  Осымен тоқтайын, тағы не қызық. Сұрай отырыңыздар. Жауап беруге тырысамын», — деді Айгүл Мүкей парақшасында.

Желі қолданушылары басқа да сұрақтарын жаудырып үлгерді.

«Керемет қамсыз балалық шақ», «Бақытты балалық шақта өсіпсіз», «Жолдасыңызбен қалай таныстыңыз?», «Мектептегі махаббатыңыз жайлы неге жазбадыңыз», деп жазды олар.


Оқи отырыңыз

Бір жыл бұрын үйлендік: Айгүл Мүкей алғаш рет күйеуі жайлы айтты

Айгүл Мүкей “әкесіз бала тапты” деп сынағандарға шындықты айтты


 



stan.kz