Айгүл Иманбаеваның жұртты шулатқан «сүйіктісінің» кім екені белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Әнші, кино және театр актрисасы Айгүл Иманбаеваның су жаңа клипі жарық көрді. Бейнебаянда «сүйіктісінің» рөлін сомдау үшін Иманбаева спорт жаттықтырушысы Акбар Жармағанбетовты таңдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айгүл Иманбаева

«Көргім келеді» атты әніне түсірілген клип сюжеті махаббатқа құрылған. Иманбаева мен акбар Жармағамбетов спорт кешенінде танысып, бір-біріне ғашық болған екі жұпты сомдайды. 

Көзі қырағы көрермендердің арасында Айгүл Иманбаеваның  шығармашалығын қолдап жазғандармен қоса, клиптегі актерлердің жас ерекшелігін айтып сынап тастағандар да болды.

«Тақырыпқа сай ән екен, шіркін, жас көңіл», «Актриса тым жас жігітті таңдаған сияқты», «Өзімен қатар актер табылмады ма?» — дейді желі қолданушылар. Ал екінші тарап: «Айгүл Иманбаеваның түрі де, фигурасы да 20 жастағы қыз сияқты. Сіз жайлы өсек-аян, жаман сөздерге мән бермеңіз» — деп қолдау білдірсе, енді бірі «Өте қатты ұнады, клип өмірден алынған, жүрекке жетті», деп жүрекжарды лебізін білдіріп жатыр. 

Айта кетейік, Акбар Жармағамбетов — кәсіби бодибилдер, нағыз жігітке тән сымбатымен мыңдаған қыздың жүрегін жаулап жүрген фитнес-жаттықтырушы.  Ол Аян Өтепберген, Ерік Хамидуллаев, Еркебұлан Дайыров сынды актерлерден бөлек, Баян Мақсатқызы, Мадина Балғабаева сынды көптеген аруларымыздың дене бітімін тартылған сымдай етуге көмектескен. 

stan.kz