Айгүл Иманбаева су тасқынына байланысты халыққа үндеу жасады

0

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында елімізде соңғы уақытта орын алып жатқан су тасқынына үндеу жолдады.

Сәлем достар!
Қалдарыңыз қалай?! Неше аптадан бері инстаграмға кіруге де зауқым болмай кетті, өйткені еліміздегі болып жатқан табиғат апаты жанымызға батып,бәріміздің көңіл-күйімізді түсіргені анық.
Елімізде тыныштық болса екен!! Тілсіз жаудан Алла сақтаса екен! осындай сәтте хайп қуып,негатив ақпарат таратпай,керісінше бір бірімізге дему болайықшы.Жақсы сөз айтып,таза ниетте болайықшы.Бәріңізді жақсы көремін, — деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол өз пікірінде бұл жағдайдың алдын алып, мәселені шешу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бар күштерді жұмылдырып жатқанын да атап өтті. Зардап шеккен отбасылардың да назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді. Материалдық шығын да өтелетінін айтты.

фото: www.instagram.com