Айгүл Иманбаева шашын тықырлап алып тастады

0
2136

Актриса Айгүл Иманбаева соңғы кездері хейтерлердің назарына жиі ілігіп жүр. Жуырда Таиландта демалып келген Айгүл ашық образдары үшін сынға қалған еді. Бұл жолы актриса шашын тақырлап, елдің талқысына түсті.
Бұл туралы kznews.kz сайты caravan.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
«Сәлем достар! Шашымның жағдайы осылай болды. Қалай ойлайсыздар, осылай қалдырайын ба, өсірейін бе?», – деді Иманбаева.
Кадрдан актрисамен бірге Жұлдыз Әбдікәрімованы байқауға болады.
«Аман болса басыңыз, өсер әлі шашыңыз», – деп күледі ол.
Қос өнер иесі түсірілім алаңында бас қосқан ұқсайды. Дегенмен желі қолданушылары Иманбаеваның қалжыңын орынсыз деп бағалады. Оқырмандар арасында Айгүлдің айтқанын шынайы қабылдап, тіпті ол үшін алаңдап қалғандар бар.