Айгүл Иманбаева көзіне пластикалық ота жасату үшін көпшіліктен кеңес сұрады — новости Казахстана
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева көзіне блефаропластика жасату жайлы ойланып жүргенін айтты. Алайда, шоу-бизнес жұлдызының бұл шешіміне оның жақын адамы қарсы шыққан деп жазады NUR.KZ.
Пластикалық хирургтың көмегіне жүгінбек ойы бар екенін Иманбаева өзінің Instagram парақшасында мәлімдеген. Анықталғандай, эстрада әншісі қабағын тартқызу арқылы көз пішінін өзгертпек.
«Қалай ойлайсыздар қыздар, көзіме блефаропластика деген жасатсам ба деп қоямын. Осы қыз ұрысады «не керегі бар?» деп. Осы уақытқа дейін бетіме ешнәрсе жасатқан емеспін. Қорқамын» , — деп жазған Айгүл Иманбаева.
Бұған қатысты актрисаға өз кеңесін бермек болған желі оқырмандарының ойы бір жерден шықпады.
Олардың кейбірі отаны жасатқан жөн деп санаса, енді бірі бұл пікірге қарсы шығып, табиғи сұлулыққа жетер дүние жоқ деп есептеуде.
Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Иманбаеваның әндерін біздің «Музыка Нур» қосымшасынан тыңдай аласыздар!
Дереккөз: kaz.nur.kz