Айгүл Иманбаева: Енді менің де сүйетін уақытым келді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақ эстарадасының әншісі, актриса Айгүл Иманбаева сезімін жұмбақтап жансырын айтты. Мұны желі қолданушылары өздерінше түсінді. 

«Әр махаббаттың өз уақыты болады. Енді менің сүйетін уақытым келді», — деп жазды әнші парақшасында.

Бұл сөзінің мағынасын ашып айтпаған әнші оқырмандарын алаңдатып қойды. Көпшілігі бақыт тілеп жатыр. Қандай жоспары барын сұрап жатқандар бар. Енді бірі нендей мағынада жазғанын білуге тырысты. 

«Сүйіктіңіз бар ма?», «Тұрмысқа шығасыз ба?», «Ғашық шығарсыз, бақытты болыңыз», «Сіз әбден бақытқа лайықсыз», «Шексі бақыт тілеймін, адал жар жолықса екен», «Сізге бәрі жарасады, тұрмысқа шықсаңыз да лайықсыз», — деп жазды олар.


Көрермендер халықты «тобыр» деп атаған Айгүл Иманбаевадан кешірім сұрауды талап етті


 

stan.kz