Әйгілі желаяқ Ольга Шишигинаның жүлдесі үшін жарыс өтті

0

Ольга Шишигина – жеңіл атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы (2000), әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (1995, 2001), жабық ғимараттағы әлем чемпионы (1999), екі дүркін Азия ойындарының жеңімпазы (1994, 1998), Азия чемпионы (1998) және басқа да көптеген аса ірі халықаралық додалардың жеңімпазы және жүлдегері.

Кедергілер арқылы қысқа қашықтыққа жүгірген атақты ауыр атлеттің 50 жасқа толуына орай ұйымдастырылып отырған жарыстың ашылу салтанатында осы саланың басы-қасында жүрген азаматтар мерейтой иесіне камзол кигізіп, құрмет көрсетті.

Осыдан бес жыл бұрын өзім оқыған мектептің жаттықтырушылары менің құрметіме жарыс ұйымдастыру жөнінде ниет білдіріп, осы істі қолға алды. Бұл ұсынысты қуана-қуана қабылдадым. Кезінде мен үшін де балалар арасында дәстүрлі түрде өтіп тұратын Ольга Гиржон атындағы жарыста топ жару аса маңызды болатын. Ол да кедергілер арқылы жүгірудің хас шебері еді. Гиржон 14 рет Қазақстан чемпионы атанып, 11 мәрте ел рекордын жаңартты. Мен де сол соқпақпен жүріп, отандық спорт тарихында өшпес із қалдыруды армандайтынмын, – деп Ольга Васильевна өткенді еске алды. 

Ольга Шишигинаның жүлдесі үшін өткен жарыстың биылғы бағдарламасына спорттық жүріс, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 300 және 600 метрлік спринт және 4Х100 эстафеталық сайысы енді.

Осы жарыста Әбдірахман Жетпісбаев, Мағжан Бекенов, Әлия Қадырова, Ризвана Шарахметова, Жәзира Бибосынова, Валерия Омарғалиева, Татьяна Ушакова, Ангелина Тяпова, Сауытжан Арупов, Ильшат Усмамдинов, Тимур Көлбай, Данил Цибиков, Александр Касьянов, Виктория Ключникова, Әлия Байбосинова, Милана Сибирова, Кристина Ермола, Ботакөз Шорбай, Әзиза Ибрагимова, Антонина Моисеева, Вероника Олейник, Диана Чикова, Кристина Коновалова, Ольга Деперо, Анастасия Болодорина, Ксения Ипатко, Арина Погадаева, Диана Свиридова, Виктория Рязанцева, Данил Щербаков, Никита Шабалин, Мәди Әбдіқадыров, Азамат Қондыбаев, Кирилл Люин, Святослав Малошонок, Данил Шулыгин, Данил Григорьев, Максим Западня, Әділ Қарахмет, Сәулет Минуарбек, Наиль Тихонов, Нарбол Тельтозиев, Талант Ұлықбек, Асыл Сұраншиев,  Артем Стасенко, Нина Шелест, Владислав Фогель, Айсұлу Аманша, Александра Алистратова, Наталья Махова, Ирина Шиянова  және тағы басқа спортшылар табысты өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Дереккөз: http://egemen.kz/