Әйгілі актер төртінші рет үйленіп, 4 күннен кейін ажырасып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Бұл туралы super.ru басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Николас Кейдж бен оның сүйіктісі Эрика Койке бірнеше күн бұрын Лас-Вегасте жүрген жерінен көзге түскен. Олар неке қию үшін лицензия алғалы жүрген екен. 

Алайда The Blast басылымы оларға лицензияның одан ертерек берілгенін анықтады. Ал сол күні 55 жастағы актер төртінші рет үйленіп жатқан екен. Алайда жас жұбайлар 4 күннен кейін некені жоққа шығаруды сұраған. Тіпті, Кейдж оңайлықпен ажырасу мүмкін болмаса, толыққанды ажырасу процесінен өтуге дайын. 

Николас пен Эриканың кездесіп жүргеніне бір жылдан аз уақыт өткен. Кейдждің Патрисия Аркеттпен бірінші некесі 6 жылға созылған еді. Ал екінші әйелі – Элвис Преслидің қызы. Актер онымен 3 ай ғана бірге тұрған.

Сонымен қатар актердің екі ұлы бар. Олардың бірін актриса Кристина Фалтоннан болса, екінші баласын үшінші әйелі Элис Ким Кейджд дүниеге әкелген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz