«Айғанымның түрін көріп шошып кеттім»: Меруерт Түсіпбаева журналист Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі туралы

0

“Бұрынғы әйелін ұрып-соққан” деп қызу талқыға түсіп жатқан журналист Асхат Садырбайдың ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Өнер иесі сұхбатты өшіріп тастаған журналистерді кінәлады.

  “Сократ менің досым, бірақ шындық қымбат” деген сөз бар. Көп ойланып кезінде “Қазақфильмге” қатысты да пікір білдірген едім. Осы жолы Асхатпен сыйласып жүргесін ешнәрсе жазбаймын деп едім, Бірақ кеше экс-жұбайы Айғаным видео жариялапты. Сұхбатын да көріп шықтым. Соны біреулер өшіріп тастапты. Бұл – бассыздық. Журналистер сіздерге не көрінді?! Мен екі рет көріп шықтым. Айғанымның толқып отырғаны көрініп тұрды. Өшіретіндерің бар, неге адамның уақытын аласыңдар?! Неге екені белгісіз, кеше Айғанымның түрін көріп шошып кеттім. Күйзелісін сездім. Жүрек шымырлап, жаным ашып кетті. “Жібекті түте алмаған жүн қылады” деген сөз бар. Ана мен жаны нәзік әйел емес пе?! Осы оқиғадан кейін өзіне берік болса екен?!”, – деп жазды әнші.