«Әйелінің ақылдылығы»: Сәбит Әбдіхалықов үш әйелінен туған балаларының басын қосып, көпшілікке көрсетті (фото)
Актер Сәбит Әбдіхалықов үш әйелінен туған балаларын шаңырағына жинап, көпшілікке көрсетті. Өнер иесі ұл-қызының суретін Instagram желісінде жариялады, деп жазды Kznews.kz тілшісі.
«Ораза қабыл болсын. Аллаға сансыз шүкір! Асылжан, Айнара, Хақназар, Абадан — Абдумулиевтер», — деп жазды Сәбит Әбдіхалықов. Айта кетейік, видеодан дастархан басында актердің бірінші әйелі Айгүл Иманбаевадан туған баласы Асылжан, екінші жұбайы Алтынай Жорабаевадан туған қызы Айнара мен үшінші әйелі Динарадан туған екі ұлы Хақназар мен Абадан отырғанын көруге болады.
Желі қолданушылары актердің бұл ісін қолдап, пікір білдірді. «Ұл мен қызының бауырларымен араласып отырғаны Сәбиттің адал әке болғандығынан», «Ең қамқор әке Сәбиттей болсын», «Бауырлар бір-бірімен араласса болды ғой», «Әйелінің ақылдылығы ғой», «Тағдырға ешкімнің таласы жоқ», «Балалар әкесіне жақын екен», — деп жазды желі қолданушылары.