Әйеліне екінші күйеу сыйлаған қазақстандық желіде қызу талқыға түсті (видео)

0

Видеокадрда ер адам келіншегіне арналған сыйлық қорабын ашып, ішінен басқа бір азаматты шығарады.

Осы кезде бөлмедегі ерлердің бірі «Жарайсың!» деп айғайлайды.

Бұл әзіл немесе ұйымдастырылған ойын болуы мүмкін. Алайда күйеуінің бұл іс-әрекетіне ашуланып, жарыса пікір жазған. Бұл туралы Stan.kz сайты жазды.

«Әйелін қызғанбаған еркек жәннаттың исінде искей алмайды деген хадисте», «малдан айырмашылығың қалмапты ғой», «мынау не масқара,осындайларды жауапқа тарту керек», «бұл қылықтарын қолдамаймын», «құтылудың амалы сияқты», «өтірік түсірілім болар», «осындай ой салғандарға айыппұл төлету керек», – деп шүйлікті оқырмандар.