Әйеліне 700 мың теңгенің гауһар жүзігін алып бермекші болған Астана тұрғыны алаяқтарға алданып қалды — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
8-наурыз қарсаңында алаяқтар Астана тұрғындарын 1,5 миллион теңгеге алдап кетті. Алаяқтардың қармағына ғаламтор арқылы әйелдеріне сыйлық сатып алғысы келген 10 ер адам түсіп, жер сипап қалды. Ғаламтор арқылы сыйлық сатып алмақшы болған ақкөңіл тұрғындар тауарлардың қолжетімділігі туралы ешқандай құжат талап етпестен ақшаларын аудара салған, деп жазады Stan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Жәбірленушілердің назарын көзқызығарлық бағалар қойып, тауар ұсынған көп бояулы сайттар қызықтырды. Олар ұсынған сыйлықтардың арасында гүлдер мен жұмсақ ойыншықтар ғана емес, сондай-ақ зергерлік бұйымдар да болды. Жоқ тауарды ұсынған алаяқ сатушы сыйлыққа тапсырыс тек 100 пайыздық төлем төленгенде ғана беріледі деген талап қойған. Ал шотқа ақша аударылғаннан кейін әлеуметтік желілердегі сайттар немесе шоттар бірден өшіріліп, жоқ болып кеткен.
10 факт бойынша тек бір оқиға күдіктісін ғана табу мүмкін болды. Ол Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағдайларды анықтау мүмкін бола бермейді. Полицияның айтуынша, осындай қылмыстардың үштен бірі ғана сотқа дейін жетеді.
«Біздің іс бойынша, тауардың бар-жоғын тексермей 50 мыңнан 700 мыңға дейін ақша аударғандар бар. Солардың ішінде, әйеліне сыйлық жасағысы келген ер адам ең қымбат сыйлыққа тапсырыс берген. Ол әйеліне 700 мыңға гауһар тасы бар жүзік сыйламақшы болып, тапсырыс берген»,- дейді Астана қаласы полиция басқармасының қылмыстық полиция бөлімінің басшысы Талғат Бүлегенов.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz