Әйелін жерлеу рәсімі кезінде күйеуі адам сенгісіз жайтты байқап қалды
Қысқа сілтеме алу
Әйелдің денесін кремациялауға дайындап жатқан кезде күйеуі оның тыныс алып жатқанын естіп қалды. Ер адам мұны елес деп ойлаған
НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Таиланд тұрғыны әйелін тірідей өртеніп кетуден құтқарып қалды. Ол кремациялауға дайындау кезінде жарының тыныс алып жатқанын естіп қалған. Дәрігерлер ол үш күн бұрын көз жұмғанын айтқан, деп хабарлайды Sun басылымы.
Тэвин Сопаджорнның айтуынша, ол әйелінің қабағы сәл қимылдағанын байқап қалған.
Қоштасу рәсімі кезінде Тэвин Сопаджорн әйелінің жанына соңғы болып барған. Мәйіттің тыныс алғанын естігенде, енбей, елес деп ойлаған.
Тағы оқыңыз: «Босатыңыз»: жерлеу рәсімі кезінде қабірден дауыс шықты – видео
БАҚ-тың хабарлауынша, әйел ұзақ уақыт бойы қалқанша безінің сырқатымен ауырған. Дәрігерлер оның «көз жұмғанын» анықтаған соң, денесі үш күн бойы будда храмының суық бөлмесінде жатыпты.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әйелдің жүрегі соғып тұрғанын анықтап, ауруханаға жеткізді. Қазір 70 жастағы әйел дәрігерлер бақылауында. Жағдайы ауыр.
sputniknews.kz