Әйелін ұрды деп айыпталған дипломатқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды

0

Әйелін ұрды деп айыпталған Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпара агенттігі хабарлайды.

Астана қаласының полиция департаменті Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс қозғаған.

«Азамат Карина Мамашқа қысым көрсету фактісі бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полициядан тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылданатыны айтылды.

Осыдан бірер күн бұрын Карина Мамаш жеке басына қайта қауіп төнгенін айтты.

«Бүгін менің әжеме Гүлнара апа қоңырау шалды, ол Сәкенді үш жасынан тәрбиелеген үлкен келін. Менің әжеме қоңырау шалып, «Кеш болмай тұрып, Карина шағымын кері қайтарсын, әйтпесе Сәкеннің Астанада, тіпті Қазақстан бойынша да достары бар» екенін айтқан. Достары оны (Каринаны) адам танымастай етеді немесе өлтіреді деген», – деп мәлімдеген болатын Карина.

Карина Мамаш Қазақстанға балаларымен бірге ұшып келген. Оның анасы мен әпкесі де дағдарыс орталығына орналастырылған.