Әйелін арқалап жүрген Тәуекел Мүслім елді сүйсіндірді (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Тәуекел Мүсілімнің жары Махаббатпен бірге түскен видеосы көпшілікті сүйсіндірді. Актер мың арудын арасынан тапқан жарын арқасына салып әлпештеп жүр.

Миллион қыздың арманы болған актер бүгінде бақытты жар. Ол өзі сүйген, жүрегі қалаған ақ құсын қолына қондырып, шаңырақ көтерді. Ұлан асыр той жасап, думандатпаса да, тойдың ауылы алыс емес екенін айтқан еді. 

Тәуекелдің жары Махаббат желідегі парақшасында сезімге толы видео жариялады. Онда қос ғашық екеуара сырласып, табиғатта серуендеп жүр. Тәуекел сүйіктісін арқаға салып еркелетеді. Махаббат та тәтті сезімге елітеді. 

Әр қадамын бағып отырған желідегі оқырмандарының бірі бұл көрініске сүйсінді, бірі тамсанды. Енді бірі қызғаныш сезімін білдірді. Видеоны бөлісіп, лайк басып жатты.

«Сондай жарасады, жарын алақанына салып аялап жүр», «Бақытты болыңдар, осындай бақытты сәттерің көп болсын», «Тойды күтіп жүрміз», «Неткен аяулы», «Тәуекелді қимаймын», — деп жазды олар. 


Оқи отырыңыз

«Ел тойға дейін жақын болды деп ойлайды»: Тәуекел Мүслім мен әйелі сұхбат берді

«Мен бұрын Тәуекел түскен киноларды көрмегем, қызықпаппын да»: Тәуекел жары екеуі алғаш рет сұхбат берді


 



stan.kz