«Әйеліммен шатастырып алдым»: Оралда әкесі өз қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген

0

Оралда туған қызын зорлаған опасыз әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде ол қызын әйелімен шатастырып алғанын айтып ақталған. Мамандардың айтуынша, өңірде осындай  жантүршігерлік оқиғалар жиілеп барады. Жыл басынан бері 16 жасөспірім тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған деп хабарлайды Астана телеарнасы. Биыл өз туыстарынан жәбір көрген жасөспірімдер күрт көбейген. Полиция дерегінше, 16 балаға зорлық жасалған.   «Ең сұмдығы, жыныстық сипаттағы зорлық көп кездеседі. Бұл қылмыс түрі 30 пайызға артып отыр. Мәселен, арақ ішіп алып, өзінің туған қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген оралдықтың үстінен іс қозғалды. Ол мастығынан айыққасын, қызын әйелімен шатастырып алғанын айтып, ақталыпты», — дейді Орал қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция инспекторы Мәдина Құспанова.

Ал психологтар мұны баланың бақылаусыз қалғанымен байланыстырады. Бұған қашықтан оқудың да әсері бар дейді олар. Өйткені әлеуметтік желіде өзімен-өзі қалған жеткіншек ересектермен танысып, ақырында алданып қалуы мүмкін. «Үйдегі кішкентай келіспеушілік дер кезінде шешілмесе, мұның ушығып кетуі ықтимал. Тіпті ерте ұйықтату, сабақ оқытудың өзін бала маған зорлық көрсетті деп түсінуі мүмкін. Сол себепті ата-ана мен бала арасында дұрыс қарым-қатынас орнауы керек. Екі жақ та бір-бірін дұрыс тыңдап, арада түсіністік болуы қажет». — дейді психолог Светлана Кужбанова.