Әйелімен жанжалдасып келе жатқан: Жамбыл облысында жүргізуші анасы мен оның сәбиін қағып өлтірді — Қазақстан жаңалықтары

0
41

4 наурыз күні түнде Жамбыл облысының Сарыкемер ауылында жол оқиғасы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

дтп

BMW мінген 28 жастағы жүргізушісі 44 жастағы әйелді үш айлық баласымен жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен. Екеуі де ауыр жарақаттардың себебінен көз жұмған.

Оқиға орнын тексерген мамандар жолдың құрғақ болғанын, көлікте ешқандай ақау шықпағанын анықтады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші алкоголь ішпеген және қан құрамынан есірткі табылмады.

Ұсталған азаматтың айтуынша, апатқа әйелі екеуінің арасындағы жанжал себеп болған. Жол үстінде ашуға булыққан жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс арттырғанын мойындап отыр.

Алдында келе жатқан көлікті айналып өтуге әрекеттенген ол тізгінге ие бола алмай, жолындағы жүргіншіні қағып кеткен.

Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған.

Жүргізуші өз кінәсін толық мойындапты. Өзі Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның көлігі арнайы тұраққа қойылды.

stan.kz