Әйелімен ұрысқан: Ер адам мүгедек ұлын үшінші қабаттан лақтырды

0

Петербургте ер адам азаматтық некеде бірге тұрып жатқан әйелінің ұлын үшінші қабаттан лақтырып жіберді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Оқиға Дыбенко көшесі аумағында болды. Ер адам балкон есігін ашып, себепсіз заттарды жерге лақтыра бастаған. Оның әйелі заттарды жинап алу үшін сыртқа шыққан кезде жерде жатқан 2007 жылғы ұлын көреді.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам өгей ұлын үшінші қабаттан лақтырып жіберген.  Қазір 13 жасар баланың жағдайы ауыр. Сондай-ақ, ер адамның мүгедек баланы терезеден лақтырды деген күдікпен ақмауға алынғаны белгілі.

Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.