әйелімен ұрсысқан ер адам белгісіз жағдайда көз жұмды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

36 жастағы ер адам дүкенде әйелімен сөзге келіп қалған. Мұны естіген дүкен қызметкерлері полиция шақырыпты. Бұдан соң ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша — Sputnik. Ресейдегі Ленининград облысының Бор елді мекенінде ер адам полиция бөлімшесінде көз жұмды.

Ер адамның туысының айтуынша, 36 жастағы Тимур Хинчагов дүкенде әйелімен сөзге келіп қалған. Мұны естіген дүкен қызметкерлері полиция шақырыпты. Бұдан соң ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды РИА Новости.  

Келесі күні Хинчагов жансақтау бөліміне түсті. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтқан. Жарақат салдарынан миы қатты зақымданған.

«Полиция бұл фактіні мойындамай отыр. Дәрігердің сөзін жоққа шығарды», — деді ер адамның туысы.

Олар ер адамның өзі басын қабырғаға соққанын айтады. Алайда видеоны тергеу аяқталғанға дейін марқұмның туыстарына көрсетпей отыр.

Тағы оқыңыз: Еденде жатқан әйелі мен ауылдасын көрген ер адам жантүршігерлік қылмыс жасады

Хинчаговтың өлімінен кейін Ресейдің қылмыстық кодексінің 111-бабы 4-бөлігіне («адам денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіру, адам өлімі») сәйкес қылмыстық іс қозғалған.



sputniknews.kz