Әйелімен әзілдескен Қайрат Нұртас жұртты күлдірді (Видео)

0

Қайрат Нұртас желіге әйелімен әзілдескен видеосын жүктеп, оқырмандардың қызу талқысына ұшырады. Әншінің Instagram парақшасына жариялаған бейнежазбасы елдің сыни пікірлеріне де ие болған.

Қайрат Нұртас әлеуметтік желіге салған видеосында көпке мәлім «анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» әнін орындап жатады. Сол сәтте эстрада жұлдызының әкесі оған «Ал әкесі бар адамдар ше?» деп сұрақ қояды. Бұл сауалға әнші былай деп жауап қатқан:

«Әкесі барлар да қартаймайды. Бірақ мынадай алтын көріп тұратын Джулиі бар адамдар (ред.ескертпе әйелін меңзеп) қартайып кетеді-ау» , — деп әзілейді әнші.

Хитменнің видеосы кейбір желі қолданушыларының көңілін көтерсе, енді бірі әншіні сынға алып та үлгерген.