“Әйеліме сезім жоқ, үйлендім»: әнші Нұржан Керменбаев отбасы туралы

0

«Арнау» дуетінің әншісі Нұржан Керменбаев жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, әйелімен таныстығы жөнінде «Urpaq» подкастында әңгімелеп берді. 

«Мен әйеліммен үш рет кездесіп қана үйлендім. Алланың бұйыртқаны деген осы шығар. Өзім де үйленуге дайындалып жүрген едім. Бір қызығы әйелім менің фанатым болған. Бірақ, бұны әйелім бұны айтпай-ақ қойыңызшы деп өтінген. Бір қызығы ол басқа жақтан, мен сахна адамы. Ол Қаратаудың қызы. Мен ол жақты ілмеймін да.  Ол студент екен. Афишамды көріп қалған. Қайтсем де, концертіме бару керек деген екен. Менде сезім болған жоқ, тек оның сөйлегені, өмірлік ұстанымы, көзқарасы ұнады, болды. Қолынан ұстау, гүл сыйлау, киноға бару деген ешқандай болған емес. Өзі шариғатта да айтады ғой, мұсылманның сезімі үйленгеннен соі басталады деп. Сол рас екеніне көз жеткендей. Қазір сезім күшейіп келеді, сыйластығымыз өте жақсы», — деді әнші.

ақпарат: Smartnews.kz