«Әйелім жоқ»: Қайрат Нұртастың видеосы желіде қызу талқыға түсті (видео)

0

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртас пен жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы тарады. Жазбада әнші қазіргі таңда әйелі жоқ екенін айтқан, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Видеоны Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жариялаған. Видеода хитменнің жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова эксклюзивті сұхбат жүргізген. Ол Қайрат Нұртастан жеке өмірі туралы сұрайды. Ал Қайрат Нұртас қазіргі таңда басының бос екенін айтты. «Әйелім? Әйелім жоқ», — деп жауап берді жеке өмірі жайлы сұраққа Қайрат Нұртас.