Әйелі фотосуреттен күйеуінің опасыздық жасағанын біліп қойды

0

Тайлар Пейдж есімді әйел «Тиктокта» фотосурет арқылы күйеуінің опасыздық жасағанын біліп қойғанын айтты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйел өзінің жарын Фейсбуктағы фотосуретінен көрген. Онда ер адам қыздардың арасында көңіл көтеріп жүрген. Бірақ Пейдждің назары бұған емес, басқа нәрсеге түскен. Ол сүйіктісінің саусағында неке жүзігі жоқ екенін көрді.

Тайлар күйеуі неліктен жүзікті шешіп тастағанын сұрағанда, ол біртүрлі жауап айтқан. Ер адам сақинаны клуб фотографы суреттен алып тастағанын мәлімдеген. Фотошопты жақсы меңгерген әйелі оған сенбеген.

Сонымен қатар, көңілді кеште болған жұбайының үйленген немере ағасы да сақинасыз жүрген.

Әйел одан да сақинасы туралы сұраған және ұқсас жауап естіген.

Алайда опасыз күйеуі оңай берілгісі келмеген. Біраз уақыттан кейін ол басқа сылтау айта бастаған.

Бұл жолы ер адам дәретханада қолын жуған кезде сақинаны шешіп, содан кейін оны тағуды ұмытып кеткенін айтқан.

«Сақина тағуды ұмытып кетуге қандай ыңғайлы уақыт», — деді Тайлар.

Әйел күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді.

Желі қолданушылары Тайларды қолдады. Арасында осындай жағдайға тап болғандар да өз оқиғаларымен бөлісті.