Әйелдің Жаңа жыл түнінде жасаған сұмдық қылмысы әшкере болды
Қысқа сілтеме алу
Ол қасақана адам өлтірді деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта оған қатысты қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны шешіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар — Sputnik. Украинаның Одесса қаласының тұрғыны Жаңа жылды тойлау кезінде бұрынғы күйеуін оқтаумен ұрып өлтірді, деп хабарлайды Лента.ру. 43 жастағы ер адам бірден қайтыс болған.
Ерлі-зайыптылар ажырасса да, Жаңа жылды бірге қарсы алған. Алайда екеуінің арасында жанжал туындап, әйел бұрынғы күйеуін басынан оқтаумен ұрған.
Ол полицияға хабарласып, күйеуі өзін ұрып-соққанын айтқан.
Тағы оқыңыз: Әйелін жерлеу рәсімі кезінде күйеуі адам сенгісіз жайтты байқап қалды
«Оқиға орнына келген полицейлер ер адамның мәйітін тапты. Әйелдің киімі қан болған. Оқтау мен қылмыстың өзге де дәлелі алынды», — деді полицейлер.
Әйел қасақана адам өлтірді деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта оған қатысты қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны шешіліп жатыр.
sputniknews.kz