Әйелді жыланмен қорқытып, зорлаған ер адам өліп кетті

0
Әйелді жыланмен қорқытып, зорлаған ер адам өліп кетті


Қытайдың Фучжоу қаласында Фань есімді азамат улы жыланмен қорқытып, әйелді зорлаған.

Оқиға 21 қараша күні Цзянси провинциясының Фучжоу қаласында болған. Фань қонақүй бөлмесіне әйел адамды алдап шақырып, үш жыланмен қорқытып, өзімен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Жыланнан қорыққан келіншек амалсыз келісуге мәжбүр болған.

Артынша әйел адам полиция бөлімшесіне арыздануға барған, ал Фань жыландарымен ойнау үшін жуынатын бөлмеге кетіпті. Полицейлер аталған қонақүйге барып, төсектен ер адамның мәйітін тауып алады. Кейінірек оны жылан шағып алғаны анықталды. Ер адам жедел жәрдем шақырмаған.

Жыландарының біреуі бөлмеден шығып кетіп, полицейлерді әуреге салған. Олардың арасында адамға өте қауіпті  оңтүстік қытайлық улы жылан бар болып шықты. Полиция әйел зорлау туралы қылмыстық іс қозғады.