Әйелді жалаңаштап емдеген молда: Діни басқарма түсінік берді

1

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде әйелді шешіндіріп емдеген емшінің видеосы тарады. Пікірлер оны Қазақстанда болған, мешіт молдасы деп жазды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы түсінік берді.

Бұл туралы KzNews.kz Мүфтиятқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Әлеуметтік желіде бір ер адамның әйелдің әуретті жерлерін ашып, денесіне жазбалар жазып, «емдеп» жатқаны жайлы бейнеролик тарады. Осыған байланысты төмендегіні мәлімдейміз:

Біріншіден, бұл оқиға Қазақстанда болмаған. «Емдеуші» мен «емделуші» шет тілінде сөйлесіп жатқаны анық байқалады.

Екіншіден, осы оқиғаны елімізде болған және «емдеушіні» «имам» деп түсініп жатқандар бар. Бұл оқиғаның біздің елге және біздің имамдарға қатысы жоқ екенін мәлімдейміз.

Үшіншіден, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкерінің этикасына қатысты қабылдаған құжатына сәйкес, мұндай әрекетке жол берілмейді және қатаң тыйым салынады.

Шетелде орын алған осы жағдайға байланысты пікір білдерген кезде аса мұқият болуларыңызды сұраймыз» ҚМДБ ресми парақшасында.

Загрузка...

1 Пікір

  1. Әйелді жалаңаштап емдеген молдаға қатысты діни басқарма түсінік берді | “Адырна” ұлттық порталы

    […]    Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде әйелді шешіндіріп емдеген емшінің видеосы тарады. Пікірлер оны Қазақстанда болған, мешіт молдасы деп жазды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды kznews.kz. […]

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз