Әйелді коронавирустан көз жұмған күйеуімен бірге карантинге жауып тастаған — Қазақстан жаңалықтары
Италияның Савона провинциясының тұрғыны өзінің коронавирустан көз жұмған күйеуімен бірге бір үйге карантинге жабылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Коронавирусқа шалдыққан ер азамат ауруханаға жатудан бас тартыпты. Ал 9 наурызда ол аурудан өз пәтерінде көз жұмған. Ел билігі мәйітті алып кеткілері келмей, ер азаматтың денесін оның үйінде қалдырыпты. Өз әрекеттерін медициналық қызметкерлер аурудың жаппай таралуына байланысты карантиннің жариялануы деп түсіндіріпті. Бүған қоса қала басшысы да бар кінәні марқұмға арта салған.
Осылайша көз жұмған тұрғынның әйелі марқұмның денесімен бірнеше күн бойы пәтерде қалып қойған. Балконнан көмек сұраған әйелге ешкім, тіпті, оның туыстары да жәрдемдесуге қорыққан екен.
«Оған ешкім жақындай алмады. Әйелдің жағдайы дұрыс деп үміттенеміз. Бұл мәселе өз шешімін тезірек тапса, жақсы болар еді», — депті оның көршісі.
Атап кетерлік жайт, аурудың тағы бір ошағына айналған Италияда коронавирустан 630-дан астам көз жұмыпты. Ал сырқаттанғандардың саны 10 мыңнан асып отыр.
stan.kz