Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресте күш біріктіреміз: Аида Балаева Қазақстан халқына үндеу жасады
Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысы Аида Балаева әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлайды Kznews.kz.
Балаева атап өткендей, күн сайын жүздеген әйел физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады.
«Бұл күн біздің заманымыздың күрделі мәселесі болып келген зорлық-зомбылыққа қарсы күресте күш біріктірудің маңыздылығы мен қажеттілігін еске салады. (…) Ажырасу әйелдерге қуғын-сүргіннен құтылуға үнемі көмектесе бермейді. Олардың көпшілігі үнсіз қалады, ұялады немесе не болып жатқанын айтудан қорқады», — деді Мәдениет министрі.
Министрдің пайымынша, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тек қорлаудан және құқықтарын бұзудан ғана тұрмайды, гендерлік теңдікке де елеулі кедергі болып келеді.
Бұған дейін Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы флешмоб басталған болатын.