Әйелдерде сүт безінің қатерлі ісігі пайда болуының негізгі себептері аталды — Қазақстан жаңалықтары
Аустралиялық ғалымдар әйелдерде сүт безінің қатерлі ісігінің пайда болуының негізгі себептерін атады.
Бұл туралы MedicalXpress порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ғалымдар 200 мыңнан аса әйел қатысқан 6 зерттеудің нәтижесіне талдау жүргізіп, сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан 30 мың жағдайда алғашқы жылдары аурудың алдын алу мүмкін екенін анықтады. Алайда бұл ретте пациенттер ішімдіктен бас тартып, қалыпты салмағын сақтауы тиіс.
Зерттеуге сәйкес, семіздік деңгейі келесі онжылдықта 17,5 мың жағдайда, немесе 13 пайызында сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алуға себеп болады. Ал ішімдіктің үлесіне 11,6 мың жағдай келеді.
Сонымен қатар науқастардың 7 пайызының аталған дертке шалдығуына етеккір үзілісі кезінде ұзақ уақыт (5 жылдан аса) гормоналдық ем қабылдауы себеп болған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz