Әйелдер паранжа киюге қарсы шықты

0
Әйелдер паранжа киюге қарсы шықты


Сауд арабиялық әйелдер бүтін денесі мен бет-аузын тұмшалаған киімдерге наразылық акциясын бастады.

Олар бұл киімдерге деген наразылығын көйлектерін аударып  (астарын сыртына қаратып) кию арқылы және оны әлеуметтік желілерге тарату арқылы көрсетуде. Осыдан кейін мыңдаған сауд арабиялық «Твиттер» қолданушылар бұл киімдерге деген наразылығын ашық білдірді.

Тақ мұрагері жол ашты Сауд билігі неше ондаған жылдан бері қоғамдық орындарда әйелдердің бет-аузын толық жауып тұратын «никаб» немесе «хиджаб» киюін міндеттеп келген. Алайда, биыл наурыз айында Сауд патшалығының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман Сауд Арабиясының заңында әйелдер міндетті түрде мұндай киімдерді киеді деген ереженің жоқ екенін, әлеуметтік ортада әдепті көрінетін қандай көйлекті кисе де болатынын айтқан болатын.

«Аятта анық жазылған, әйелдер мен еркектер лайықты, сыйлы киінуі керек. Бұл жерде «абайя»  немесе қара түсті паранжа туралы айтылмаған. Бұны әр әйел өзі шешеді», – деген Мұхаммед бин Салман.

Наразылық акциясы Наразылық акциясына қатысушы Howra атты «Твиттер» пайдаланушы өз парақшасына астарын сыртына қаратып киген киімімен фото жариялайды және:

«Мен мемлекеттік және салттық ережелерге қарсы шығып жатырмын. Бірақ, шын есімімді жария ету қауіпті. Біз жұмысқа «абайя» мен «никаб» киіп барамыз. Олай киінбесек басқаларға (еркектерге) ауыр болып қалуы мүмкін деп айтылады», – деп жазған.

Наразылық акциясы тұсында сауд арабиялық әйелдер түрлі реңдегі киімдерді де кие бастады. Бұған дейін тек қана қара түсті көйлектерді ғана киген. Былтыр Сауд Арабиясында әйелдердің көлік жүргізуіне құқық берілген. Алайда, әйелдердің құқығын қорғауға тырысқан белсенділердің көбі қамауға алынды.

Дереккөз: The Qazaq Times