“Әйелдер еркексіз дені дұрыс адам болмайды”: Азамат Сатыбалдының жары көптің ашуына тиді

Белгілі болғандай, әлеуметтік желілерде тарап жатқан үзінді видео актрисаның 3 жыл бұрын “Менің өмірім” бағдарламасына берген сұхбатынан алынған.
Сұхбатта Назгүл Қарабалина қазақ әйелдері ер адамсыз толыққанды адам бола алмайтынын айтқан.
”Мен ер азаматсыз үйтем, бүйтем деген оттаған дүние. Солай болғысы келіп жүргендер өкіндіреді. Бола алмайды. Жеме жемге келгенде ер азаматсыз ешқайсысы ештеңе жасай алмайды. Бірақ, солай болғысы келетіндер мені қынжылтады. Мен қазақ әйелдерін айтып отырмын. Орыстарда, басқа ұлтта шатағым жоқ. Ер азаматсыз қайбір қазақ әйелі алға басып, би, дені дұрыс адам бола алмайды. Бұл — менің тұжырымым. Мен өз сөзіме жауап беремін”, — дейді ол.
Өнер иесінің бұл пікірін желі қолданушылары қызу талқылауда.
”Бұдан кейін бұл кісіге микрофон бермеңдер. Қазақ әйелі болсын басқа ұлттың әйелі болсын еркексіз де мықты адам бола алады”, “Әйел еркексіз ешкім емес дейтіндей сен кімсің, Құдайсың ба, абайлап сөйле”, “Осы да өнер адамы ма, мәдениет, білім қайда”, “Оттаған әңгіме айтып отыр”, — деп жазды олар.
фото: скриншот