Әйел жүкті болып қалып, комада жатып бала босанды

0

Әйелдің есін жимағанына 10 жыл болды. Бір-екі күн бұрын оның сап-сау баласы дүниеге келді. Бұл туралы Arizona’s Family басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Аризон штаты, Фениск қаласында орналасқан аурухананың науқасы комада жатып бала босанды.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, әйелдің комада жатқанына 10 жыл болды. Әйел зорланғаннан кейін жүкті болып қалып, бала босанып отыр. Дәрігерлер және құқық қорғау органдары осыған сенімді.

Өмірге келген сәбидің жағдайы жақсы. Алайда комада жатып босанған әйелдің оқиғасы полицияның қызығушылығын тудыртты. Ауруханада тексеріс жұмыстары басталып кетті.