Әйел тіс дәрігерінің бөлмесіне кіріп, науқастың 13 тісін жұлып алды

0
АҚШ-тағы Невада штатының тұрғыны тіс дәрігерінің кеңсесіне кіріп, ақша ұрлап, науқастың 13 тісін жұлып алғаны үшін қамауға алынды.

Стоматологиялық емхананыі бұрынғы қызметкері 42 жастағы Лорел Эйк науқастың 13 тісін жұлып алған. Оқиғаны әйелдің өзі полицияға айтып берді. Ол ауырсынуды басатын құрал қолданғанын атап өтті.

Келесі күні әйел емхана ғимаратына тағы кіріп, 22 800 доллар (9,7 миллион теңге) ұрлап кеткен.

Полиция оқиға орнына жеткенде, терезе сынған және есік ашық болған.

Полиция екі факті нәтижесінді Лорелді ұрлық, қылмыстық қастандық, ірі тонау және лицензиясыз хирургиялық ем-дом жасады деп айыптады. Оның тістерді неге жұлып алғаны белгісіз.