Әйел құлап бара жатқан баласының аяғынан ұстап қалды – таңғажайып видео

0

Баспалдақ аралығынан құлап кеткен баланың аяғынан ұстап үлгерген келіншектің жылдам әрекеті желі қолданушыларын таңғалдырды. Егер әйел сәл ғана кешіккенде баласынан айырылып қалуы мүмкін еді 

Бұл таңғажайық оқиға Колумбияның Медельин қаласында болған. Келіншек құрылыс компаниясының кеңсесіне келеді. Ол кішкентай баласын жетектеп лифтіден баспалдақ алаңына шығып, бірер сәт ұялы телефонына алданады. Осы кезде бала баспалдақ аралығына жүгіріп барып, таяныштардың арасынан төменге құлап кетеді. Әйел соңғы секундта баланың аяғынан ұстап үлгереді.

Тағы оқыңыз: Қытайда 26-қабаттағы терезеден құлап кеткен бүлдіршін қыз аман қалды

Осы арада компания қызметкерлері көмекке жүгіріп келеді. Олар шошып қалған анаға баланы баспалдақ алаңына қайта шығаруға көмектескен.   

Келіншектің қалай шапшаңдық танытып, трагедияның алдын алғанын видеодан көріңіз.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз