Әйел қорылы – жүрекке төнген қауіп
Мюнхен университеті ғалымдары еркектер секілді қорылдайтын әйелдерде де жүрек-қан тамыр жүйесінде күрделі жағдай пайда болатындығын ескертті. Мамандардың айтуы бойынша, дәл әйелдер қорылы жүрек қызметінің әлсіреуіне әкеп соқтырады екен.
Қорылдың нәтижесінде жүректің ең маңызды қан айдайтын бөлігі — сол жақ жүрекшесі үлкейе түседі. Сонымен қатар оның айналасындағы негізгі сору камералары да ұлғаяды, бұл миокарданың тез өрбуіне түрткі болады. Былайша айтқанда, жүрек тез тозады. Зерттеулер көрсеткендей, еркектерге қарағанда әйелдердің жүрегі қорылдың нәтижесінде істен тез шығуы әбден мүмкін.
Ғалымдар 5 мың адамның өмірін бақылай келе, жүрекке түсетін салмақ қорытындысын жасаған болатын. Олардың жартысына жуығының ұйқы проблемасына шағымы жоқ болды, ал қалғандарына кәдімгі қорыл, не апноэ (тыныс алу жолдары шегеленіп, адам бір сәт демала алмай қалады) тән болатын. «Қорыл тобын» дені сау науқастармен салыстыра отырып, жүректің сол жақ жүрекшесінің көлемінің ұлғайғандығы еркектер мен әйелдерде салыстыра отырып жүргізілді.
«Біздің анықтауымыз бойынша, қорылдайтын және апноэден зардап шегетін әйелдердің жүрек ауруына шалдығуына қауіп жоғары. Қорылдың нәтижесінде оларда жүрегі қанды толықтай айдай алмайды, нәтижесінде ол өкпеде, басқа тіндерде қалып қояды», -деді жұмыс авторлары.
Қорыл мен жүрек қызметінің байланысы зерттеулер негізінде көрінгені соншалықты, мамандар үнемі қорылдайтын адамдарға (оның ішінде әйелдерге) міндетті түрде кардиологқа көрінуге кеңес беріп отыр.
Дереккөзі: orthodox.od.ua
Дереккөз: http://reactor.inform.kz