Әйел өзінің ағзасы арқылы спирт шығарып, масаурамайтын қасиетке ие болыпты — Қазақстан жаңалықтары
АҚШ-та қуығы зәрдің орнына спирт шығаратын әйел анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
61 жастағы науқас қант диабетіне және бауыр циррозына шалдыққан көрінеді. Оның бауырына имплантация жасау кезінде, әйелдің зәрінде алкогольдің бар екендігі табылған. Азаматшаның ішімдік ішпеймін деген сөзіне қарамастан, оны дәрігерлер алкогольден емделіп кел деп жіберген.
Бұған қоса науқастың зәрінің құрамында ашытқы мен қант бар екендігі анықталыпты. Десек те қуығынан табылған спирт оның қанында жоқ болып шыққан.
Мамандардың бірі әйелдің қуығындағы ашытқы зең саңырауқұлақтары спирт шығарады деген тоқтамға келген. Бұл күдігін растау үшін ол бірнеше рет науқастың зәріне сараптама жүргізіпті.
Осылайша дәрігердің айтқаны дәл келіпті: барған сайын зәрдегі спирт мөлшері ұлғая түскен. Мамандар әйелдің қуығы сыра шығарушы синдромына шалдықты деген диагноз қойған.
Сыра шығарушы синдромы деп адамдардың денесіндегі зең саңырауқұлақтарының спирт түзгенінің нәтижесінде оның мас болып жүруін айтады.
stan.kz