Әйел өртеніп жатқан көліктен балаларын соңғы сәтте алып шықты (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0

Аустралияның Канберра қаласында өртене бастаған көлігінен балаларын соңғы сәтте алып шығып, аман алып қалды.

Әйел өртеніп жатқан көліктен балаларын соңғы сәтте алып шықты (видео)

Бұл туралы About Regional порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кэтрин Мэйс бес айлық Хантер және 2 жасар Томми есімді ұлдарымен саябаққа барған. Ол көлігін жүргізе алмай қойғандықтан, іске қосылатын аккумуляторды қолданыпты. Әйел көлік тұрағына келіп, тоқтағаннан кейін әлдененің тарс еткен дыбысы мен аккумулятордың ысылдағанын естиді. Артынша ол жарылып кеткен. Салдарынан көліктің терезелері сынып, аккумулятордан түтін шығып, орындықтар өртке орана бастапты. 

Осы кезде Мэйс көліктен жүгіріп шығып, балаларын шығаруға кіріседі. Оған Хантерді балаларға арналған креслодан босату үшін бірнеше секунд қажет болды. Әйел балаларын көліктің жанынан алып кеткен бойда темір тұлпар өртке оранған.

«Көлік жарылып кетеді», – деген ой ғана келді. Балаларымды аман алып қалғаныма әлі де сене алар емеспін. Тек бір минуттай ғана уақытым болды», – дейді Мэйс. 

 

Өз сөзінде Мэй оқиғадан кейін түнде ұйықтай алмағанын айтты. Оның көлігі жөндеуге келмейді екен. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз