«Даналығыңыз үшін рахмет». Әлия Назарбаева анасына жүрекжарды жазба арнады

0

Әлия Назарбаева анасының 80 жасқа толуына орай жүрекжарды жазбасын жария етті.

«Ана — әрбір адам үшін ең бірінші, ең маңызды адам. Ана жүрегі — бұл шабыт пен қуаныштың сарқылмас көзі, және біз қымбатты аналарымыз қасымызда жүргенде әрдайым бала болып қала береміз.

Бүгін біздің отбасымызда — мереке, менің сүйікті анам Сара Алпысқызының мерейтойы, мен оны және барлығымызды осы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын!

Анам ағарту жобаларын дамытуға қанша күш пен уақыт бөлгенін бәріміз білеміз, соның арқасында көптеген адамның өмірі жақсы жаққа өзгерді.

Әйелдің міндеті — бұл әлемді махаббат пен жарыққа толтыру арқылы өмірді жақсарту.

Анашым, осы үшін, жылуыңыз үшін, даналығыңыз үшін, назарыңыз бен әрдайым көрсеткен қолдауыңыз үшін рахмет.

Сізге әрқашан көтеріңкі көңіл-күй мен ұзақ ғұмыр тілеймін!

Сіз өмір бойы сепкен мейірімділіктің барлық дәні бүгін гүлдеп, адамдардың жандарын толтырсын.

Сіздің әдемі күлкіңіз біздің жүрегімізді жылытсын!

Мерейтоймен, менің сүйіктім», — деп жазды Әлия Назарбаева.