Home Жаңалықтар әйел мен сәби зардап шеккен

әйел мен сәби зардап шеккен

0
85

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жол апатына кінәлі деген жүргізуші полиция бөліміне жеткізілді

АЛМАТЫ, 5 маусым — Sputnik. Алматыда мас жүргізуші ірі жол апатына себепкер болды,  деп хабарлайды куәгерлер.

Көлік апаты Төле би көшесінде, Момышұлы көшесіне жетпей болды. Жол апатына ұшыраған барлық көлік Төле би көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Бір уақытта «Нива» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota Yaris көлігінің артына соғылады, ал ол алдында келе жатқан Ford Transit көлігін қағыпты.

Тағы оқыңыз: Алматыда такси мен жол талғамайтын көлік жеке үйлердің шарбағын қиратты

Ford болса өз инерциясымен алдында келе жатқан Hyundai көлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті – әйел мен сәби. Екеуі де Toyota Yaris көлігінде отырған. Жедел жәрдем алғашқы көмек көрсеткен соң, зардап шеккендер ауруханаға жатудан бас тартты.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін «Нива» жүргізушісі жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізілді.



sputniknews.kz