Әйел мен оның үш баласын өлтіріп кетті – тұрғындар үрей құшағында отыр

0
92

Азияда

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Істі Өзбекстанның бас прокуратурасы ерекше бақылауына алды

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Қарақалпақстанның Хожейлі ауданында жеке үйден ана мен оның үш баласының мәйіті табылды, деп хабарлады Sputnik Өзбекстанға оқиғаның басы-қасында жүрген дереккөз.

«Трагедия ерлі-зайыпты арасындағы жанжалдан кейін болған. Қазір оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді дереккөз.

Балалардың ең кішкентайы үш айлық болған.

Дереккөз барлық мәйіт үйде болғанын нақтылады. Бұған дейін өзбек БАҚ-тары әйел мен нәресте құдықтан табылғанын хабарлаған еді.

Дереккөздің айтуынша, аудан тұрғындары оқиғадан кейін үрей құшағында отыр. Күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 97-бабы 2-бөлігінің «а» тармағына сәйкес (қасақана кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.



sputniknews.kz