Әйел мен оның үш баласын өлтіріп кетті – тұрғындар үрей құшағында отыр
Қысқа сілтеме алу
Істі Өзбекстанның бас прокуратурасы ерекше бақылауына алды
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Қарақалпақстанның Хожейлі ауданында жеке үйден ана мен оның үш баласының мәйіті табылды, деп хабарлады Sputnik Өзбекстанға оқиғаның басы-қасында жүрген дереккөз.
«Трагедия ерлі-зайыпты арасындағы жанжалдан кейін болған. Қазір оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді дереккөз.
Балалардың ең кішкентайы үш айлық болған.
Дереккөз барлық мәйіт үйде болғанын нақтылады. Бұған дейін өзбек БАҚ-тары әйел мен нәресте құдықтан табылғанын хабарлаған еді.
Дереккөздің айтуынша, аудан тұрғындары оқиғадан кейін үрей құшағында отыр. Күдіктіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 97-бабы 2-бөлігінің «а» тармағына сәйкес (қасақана кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.
sputniknews.kz