Әйел мен екі немересін аяусыз өлтіріп, өртеп жіберген

0
Әйел мен екі немересін аяусыз өлтіріп, өртеп жіберген


Қырғызстанда әйел мен оның екі немересін өз үйінде өлтіріп, өртеп жіберді. 

Қырғызстанда Нарын облысындағы Көк-Ой ауылында әйел мен екі баланы өз үйінде өлтіріп кетті. Тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай ұстады. Қылмыс 20 желтоқсаннан 21-іне қараған түні болған.

47 жастағы әйелге 29 жастағы танысы келеді, екеуі бірге отырып арақ ішкен. Әйел ұйықтағаннан кейін қаскөй балалардың бөлмесіне барып, төрт жасар қызды зорлап, тұншықтырып өлтіреді. Одан соң екінші бала – жеті жасар ұлды да өлтіреді. Бұдан кейін күдікті ұйықтап жатқан әйелді де тұншықтырып өлтірген. 

Қылмыстың ізін жасыру үшін қанішер пеште жанып жатқан көмірді үйге шашып, қашып кетеді. Тәртіп сақшылары екінші күні күдіктінің ізіне түседі. Қазіргі уақытта ол ұсталды. Ішкі істер министрлігі ер адамның фотосын жариялады.Күдіктінің бұған дейін ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. 

Дереккөз: Sputnik