Әйел «коронавирустың» арқасында аман қалды

0
62

Жиырма бес жастағы ер адам бетіне бетперде киіп, әйелдің үйіне баса-көктеп кірді. Алайда әйелдің айтқан сөзінен кейін шошып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан — Sputnik. Қытайда әйел коронавирусқа шалдыққанын айтып қылмыскерден аман қалған, деп хабарлайды Metro.

Оқиға өткен жұма күні Цзиншань қаласында болған. Жиырма бес жастағы ер адам бетіне бетперде киіп, әйелдің үйіне баса-көктеп кіріпті. Алайда әйел коронавирусқа шалдыққан адамдай жөтеле бастаған.

«Мен Ухань қаласынан келдім. Коронавирусқа шалдықтым. Сондықтан үйде карантинде жатырмын», – деп айқайлаған.

Бұдан шошыған ер адам телефон мен ақшаны алып қашып кеткен. Полиция ұрыны қолға түсірді.

Қытайдан 83 қазақстандық елге жеткізілді

2 ақпанда 83 қазақстандық елге жеткізілді, сонымен қатар 18 Қырғызстан азаматы, бес беларус және Арменияның бір азаматы бар. Қырғызстандықтар бірден өз еліне ұшып кетті.

Елге жеткізілгендерден анализ алынды, киімдері мен жеке заттары жиналып, аурухана киімі таратылды.

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, азаматтардың ешқайсысынан коронавирус табылмаған. Соған қарамастан олар 16 ақпанға дейін карантинде болады.



sputniknews.kz