Әйел ішінде тіс шұқығыш таяқша бар бутербродты жеп қойып қайтыс болды — Қазақстан жаңалықтары
Португалияның Коимбра қаласында әйел бутербродтың іішнде болған тіс шұқығыш таяқша үшін қайтыс болды.
50 жастағы әйел тамағында бірдеңе тұрғандай сезінетінін айтып, ауруханаға екі рет барған. Оның сөзінше, бутерброд жеп отырған кезінде тамағына бірдеңе тұрып қалғандай болыпты. Алайда ларингоскопия мен рентген нәтижесінде де пациенттің тамағынан күдікті ештеңе байқалмапты. Дәрігерлер оған антибиотиктер мен суық тиюге қарсы дәрілер жазып беріп, үйіне жіберген, деп жазады Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Алайда ертесі күні әйел үйінің жуынатын бөлмесінен өлі күйінде табылды. Оның киімі қанмен былғанып, басы қанаған. Бастапқыда ол кісі қолынан қаза тапты деп болжанып, оның азаматтық некедегі күйеуі күдіктеліпті.
Мәйітті сою барысында әйелдің ас қорыту жолынан іріңге оралған 3,5 сантиметрлік ағаш тіс шұқығыш таяқша табылған. Ол жұтқыншақтың қабырғасын екі рет тесіп, қабынуына алып келіпті. Салдарынан жүрек-қан тамырлар жеткіліксіздігінен әйел есінен танып құлап қалған. Осы кезде ол еденге басымен соғылыпты.
stan.kz